Accessibility links

Ирақтағы көтерілісшілердің Иран қаруымен қаруланғанына АҚШ-тың көзі жетті


БАҒДАД: Бүгін Ирақта АҚШ армиясы өзіне қарсы шайқасып жатқан көтерілісшілердің Иранда шығарылған қару-жарақпен қаруланғанына тағы да айғақ келтірді. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Баакуба қаласының төңірегіне АҚШ әскері мен Ирақ полициясының бірлескен жасаған жорығы барысында құпия қару-жарақ қоймасы аңғарылды. Қоймадан минаатқыштың оқтары, зымырандар, жолдарға қойылатын күрделі миналардың құрама бөлшектері табылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG