Accessibility links

Сербия Босниядағы “геноцид” саясаты үшін жауапқа тартылудан босатылды


ГААГА: Бүгін Халықаралық Гаага трибуналы Босния мен Герцоговинадағы серб армиясының 1992-1995-інші жылдардағы қырғын әрекеті үшін Сербия заң тұрғысынан жауап бермейді деген Қаулы қабылдады. Қаулыда 1995-інші жылы Сребреница қаласындағы 8 мыңдай Босния мұсылманын жаппай қырған әрекетті Сербияның “геноцид” деп бағалап, оны тоқтатуға күш жұмсауға тиіс екені айтылады. “Босниядағы қырғынды” Белградқа онша бағынбайтын босниялық сербтер жүзеге асырды, делінеді Гаага сотының Қаулысында. “Геноцид” саясатын жүргізді деп бұрынғы Югославияны Босния айыптап, одан өтемақы төлеуді талап еткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG