Accessibility links

Халықаралық трибунал Дарфурдағы қырғынға жауаптылардың есімдерін атайды


ГААГА: Бүгін Халықаралық трибуналдың Бас прокуроры Суданның Дарфур өлкесіндегі соғыс қылмыстары үшін айып тағылған алғашқы күдіктілердің есімдерін жариялауға тиіс. Адамның құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар соғыс қылмыскерлерінің тізіміне Луис-Морено Окампо да кіреді деп үміттенетіндерін мәлімдеді. Дарфурдағы қантөгісті АҚШ “геноцид саясаты” деп бағалады, оны Судан елі мойындамай отыр. Осыдан 4 жыл бұрын Дарфурда үкіметке қарсы бүлік шығып, 200 мыңдай халық қырылып, 2.5 млн. халық баспаналарын тастап босып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG