Accessibility links

АҚШ вице-президенті Ауғанстандағы қастандықта аман қалды


БАГРАМ: Ауғанстанның Баграм қаласындағы АҚШ-тың соғыс базасының кіре-берісінде жанкешті-террорист өзінің автокөлігін жарды. Осы кезде базада болған АҚШ вице-президенті Дик Чейни аман қалды. АҚШ армиясының өкілі Энжела Биллингстің “Азаттыққа” хабарлағанындай, одан бірнеше ауғандық пен жауынгер құрбан болып, кемінде 23 адам госпитальге жатқызылды. Алғашқыда 3 адамның қаза болғаны хабарланды, ал ауған үкіметінің хабарлауынша, 18 адам қаза тапты, басым көпшілігі бейбіт тұрғындар. Д.Чейни Ауғанстанға президент Х.Қарзаймен келіссөз өткізу үшін келген болатын.
XS
SM
MD
LG