Accessibility links

Ирақтың Рамади қаласында бомба жарылды, қаза тапқан 18 адамның көпшілігі бала-шаға


Бомба саяжайда тоқтаған мәшинеге қойылған. Рамади қаласының осы жерінде америкалық сарбаздар басқа бомбаны залалсыздандыру мақсатында жарды, бұдан 30 шақты адам жарақат алды. Кеше, сол сияқты, Мосыл қаласында жанкештінің бомба шабуылынан алты полиция офицері қаза тапты. Бағдадта екі бомба шабуылынан 10 адам өлді. Ирақта кеше үш америкалық сарбаз жолға қойылған бомба жарылысынан қаза тапты.
XS
SM
MD
LG