Accessibility links

Өзбекстан басшыларын Еуропа Одағына кіргізбеу бұйрығы күшінде қалады


Өзбекстанға Еуропа Одағы тарапынан қойылған шектеулердің мәселесін шешу мамыр айына дейін қалтырылды. Мәселе алдағы дүйсенбі күні Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Брюссельде кездескенде қаралады деп күтілген. Дегенмен, әзірше шектеулерді алып тастау қаралмайтын болды. Қару-жарақ саудасына салынған тыйым, Өзбекстан басшыларын Еуропа Одағына кіргізбеу бұйрығы әлі күшінде қалады. Шектеулер 2005 жылы мамырда Әндіжанда халық көтерілісі күшпен басылған соң еңгізілген.
XS
SM
MD
LG