Accessibility links

Әл-Қаидамен байланысы бар топ өздерінің Ирақ үкіметінің қызметкерін ұрлағанын хабарлап отыр


Әл-Қаидамен байланысты жауынгерлік топ өздерінің Ирақтың Ішкі Істер министрлігінің Диала провинциясындағы 18 қызметкерін ұрлап әкеткенін айтып отыр. Ирақтың исламшыл тобының интернет арқылы таратқан мәлімдемесінде, ол адамдарды ұрлау әрекеттері шийт полицейлерінің сүннит әйелдерді зорлағаны үшін кек қайтару делінген. Ішкі Істер министрлігі кеше 10 полиция қызметкерінің күшпен басып әкетілгенін нақтылап отырса, Диала провинциясының полициясы 14 қызметкерінің жоғалғанын айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG