Accessibility links

Бүгін Шешен парламенті Қадыровты президент ретінде мақұлдады


Бүгін Шешенстан парламенті Рамзан Қадыровты соғыстан кейінгі елдің президенті ретінде мақұлдады. Президент міндетін атқарушы болған 30 жасар Қадыровты бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин тағайындаған болатын. Путиннің ол тағайындауы еуропалық құқық қорғаушы топтар өздерінің Шешенстандағы құқық қорғаушы органдардың жаппай азаптау жағдайлары туралы Грозныйдан дәлелдер тапқанын хабарлаған тұста орын алып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG