Accessibility links

Әзірбайжан және Грузия АҚШ радар станциялары жайында әңгіме жоқ дейді


Әзірбайжан және Грузия ресми өкілдері Америка Құрама Штаттарының зымыраннан қорғану жүйесінің базаларын орналастыру жайында келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз деді. Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің өкілі Хазар Ибрағим ешқандай өтініш түскен жоқ, ешқандай келіссөз өтіп жатқан жоқ деді. Мұндай сөзді кеше Грузия сыртқы істер министрлігінің өкілі Нато Чиковани де айтты. АҚШ зымыран қорғанысы агенттігінің бастығы генерал Хенри Оберинг Кавказ аймағында зымыран бақылайтын радар орнатқымыз келеді деп бейсенбі күні айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG