Accessibility links

Ресей үкіметін сынаған америкалық сарапшыға қастандық жасалды


Америка Құрама Штаттарында Ресей барлауы бойынша сарапшыға қастандық жасалды, тергеу жүріп жатыр. Сарапшы Пол Джойал 1 наурыз күні Вашингтонда үйінің жанында оққа ұшты. Оны белгісіз екі азамат атып кетті. Пол Джойал аман қалды, бірақ ауыр жағдайда жатыр. Оқиғадан төрт күн бұрын ол теледидарда сөйлеп, Ресейдің бұрынғы барлаушысы Александр Литвиненко Ресей үкіметінің араласуымен өлтірілді деп айтқан. Америкалық сарапшы Пол Джойал Ресей басшылығы қарсы шыққан адамдардың көзін жойып жатыр деген.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG