Accessibility links

Палестина президенті мен премьер-министрі Меккедегі келісімін іске асыра алмай жатыр


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас пен премьер-министр Исмаил Хания ұлттық бірлік үкіметін жасақтау мәселесі бойынша өзара тағы да ортақ пікірге келе алмады. М.Аббас пен И.Ханияның келіссөзі кеше Газада 3 сағат бойы жалғасты. Президент пен премьер-министр өткен айда Сауд Арабиясының Мекке қаласында қол жеткен келісімнің негізінде келіссөз өткізу үстінде. Ол келісімге сәйкес, жаңа үкіметті М.Аббас бастаған ФАТХ қозғалысы мен “Хамас” ұйымы тең бөлісіп жасақтауға тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG