Accessibility links

Ресми Вашингтон мен Пхеньян өзара дипломатиялық байланыс орнатуы мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: Бүгін Нью-Йоркте екі жақты қарым-қатынасты қалпына келтіру мәселесі бойынша Америка мен Солтүстік Корея өзара келіссөзін бастайды. АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшының көмекшісі Кристофер Хилл, ал ресми Пхеньянның делегациясын Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігінің өкілі Ким Е Хван бастап келеді. Осы келіссөздің нәтижесінде екі елдің арасында дипломатиялық байланыс орнатылуы мүмкін. Өткен ақпан айында Бежиндегі 6 жақты келіссөздің барысында Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын жабуға келіскен соң, АҚШ келіссөзді бастауға бел буды.
XS
SM
MD
LG