Accessibility links

Тәуелсіз Грузияның бірінші президенті Тбилисиге жерленеді


ТБИЛИСИ: Кеше Тбилиси қаласы әкімінің кеңсесі хабарлағандай, Совет Одағы ыдырағаннан кейінгі Грузияның бірінші президент болған Звиад Гамсахурдияның сүйегі Тбилисиде жерленеді. Жерлеу рәсімі - оның дүниеге келген күні – 31-інші наурызда өтеді. Сенбі күні Ресейдің ресми өкілдері Чешенстан жерінен З.Гамсахурдияның зираты табылғанын хабарлаған болатын. З.Гамсахурдия - 1992 жылдың басында биліктен қуылып, Чешенстанға қашты. Келесі 1993-інші жылы билікке қайта оралуға сәтсіз әрекеттеніп, сол жылы жұмбақ жағдайда қаза болып, Чешенстанда жерленді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG