Accessibility links

Грузия Абхазиядағы парламент сайлауын заңды деп мойындамайды


КАВКАЗ: Абхазияда кеше парламент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беруге сайлаушылардың 47 пайызы қатысқан. Сайлаудың бастапқы қорытындысы бүгін таңертең жариялануға тиіс. Депутаттық мандатқа 10-нан аса партия таласты. Сайлаудың барысын бірнеше мемлекеттің, оның ішінде Ресей мен Германияның және Францияның бақылаушылары қадағалады. Грузия президенті М.Саакашвили Абхазиядағы бұл сайлауды “заңсыз” деп бағалап, оған түбегейлі қарсы болды. Грузия Абхазияны өзінің құрамдас бөлігі деп санайды.
XS
SM
MD
LG