Accessibility links

Еуропа Одағы Өзбекстанға қатысты саясатын жұмсартуға дайын екенін көрсетті


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Өзбекстанға қатысты еңгізілген санкциялардың мәселесін талқылауды мамыр айына қалтырды. Германия сыртқы істер министрі Франк-Валтер Штайнмайер адам құқықтарына қатысты Еуропа Одағы қойған талаптардың кейбіреуін Өзбекстан қабылдауға дайын сияқты деп сипаттады. Дегенмен, осы оптимистік болжамның өзі байыппен айтылып отыр.

Мәселе кеше Брюссель қаласында өткен Еуропа Одағы сыртқы істер министрлерінің кезекті жиналысында қаралды. Мұндай жиналыстар ай сайын өтіп тұрады. Жиналысты Еуропа Одағының кезекті төрағасы Германияның министрі Франк-Валтер Штайнмайер басқарды. Ол Өзбекстан өкілі Владимир Норовтың уәде бергендерін айтты, Өзбекстан тарабы Әндіжан мәселесі жайында, адам құқықтарын қорғаушы белсенділер мәселесі жайында келіссөз жалғастыруға уәде бергенін айтты. Брюссельдегі жиналыстан соң журналистермен кездескен Франк-Валтер Штайнмайер осы шектеулі мүмкіншіліктерді пайдаланып, Өзбекстанды әріптестікке ынталандыруға күш саламыз деді:

- Өзбекстан тарабының әріптестікке деген ынталарының ашыла түсуі қажет әлі. Өзбекстанға қатысты Еуропа Одағы қазір ұстанып отырған саясаттың қалай дамитынын, қандай да өзгерістің жасалуы мүмкін екені мамыр айында шешілуге тиіс.

Еуропа Одағы, жалпы, Өзбекстан үкіметі ел түрмелерін көруге Халықаралық Қызыл Крест қоғамына рұқсат берсе деп отыр, 2005 жылы мамырда Әндіжанда болған қанды оқиғалар жайында Өзбекстан тарабы Еуропа Одағының сарапшыларымен сөйлессе деп отыр, кейбір жеке жағдайларға қатысты адам құқықтарының мәселесі талқыланса деп отыр.

Еуропа Одағы Өзбекстанға қару-жарақ сатылмасын деген және Өзбекстанның бір қатар басшысы Еуропа Одағының мемлекеттеріне кіргізілмесін деген. Нақты айтқанда, Әндіжанда бейбіт демонстрацияға оқ атуды бұйырған ресми өкілдерге, күш көрсетуді жүзеге асырды деп күдіктелетіндерге виза берілмесін деп ұйғарылған. Санкциялардың мәні осы.

Еуропа Одағы Әндіжан оқиғасы халықаралық тәуелсіз комиссия арқылы тексерілсін деп отыр. Әндіжанда әскер халыққа оқ атып, жүздеген адам қаза тапқан. Еуропа Одағы сыртқы қатынастар үйлестірушісі Бенита Ферерро-Валднер кеше Брюссельде айтқан сөзінде Әндіжан оқиғасы халықарылық жолмен тексерілсін деген талабымызды алып тастамаймыз деді.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Еуропа Одағы Өзбекстан ресми өкілдеріне қатысты еңгізілген виза шектеуін алып тастауы мүмкін. Қару-жарақ саудасына еңгізілген шектеу жарты жылға созылуы ықтимал. Бенита Ферерро-Валднер Өзбекстан тарабы айтқан уәделерін орындай бастайды деген үмітін білдірді:

- Елдегі адам құқықтарының жағдайы жайында қатты алаңдап отырмыз. Дегенмен Өзбекстан дұрыс бағытқа бет алғандары жайында тағы да жаңа белгі беріп отыр.

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері, сонымен, Өзбекстанға қатысты қабылдаған декларациясында елдегі жағдайға қатты алаңдап отырмыз дейді, бірақ адам құқықтарының мәселесі жайында және Әндіжан мәселесі жайында келіссөзді өткізу үндеуін азайтып отыр. Өзбекстан басшылығының әріптестікке қаншалықты барып жатқандығы наурыз айының соңында Қазақстанда өтетін жиында белгілі болмақ. Германия тарабы Астанада наурыз айының соңында Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің сыртқы істер министрлерімен кездеспек.
XS
SM
MD
LG