Accessibility links

Еуроодақ Абхазиядағы парламент сайлауын “заңды” деп мойындамайды


БЕРЛИН: Еуропа Одағы Абхазиядағы парламент сайлауының заңдылығын мойындамайды. Еуроодаққа төрағалық ететін Германия кеше осылай деп мәлімдеді. Еуропа Одағы Грузияның халықаралық тұрғыдан мойындалған шекарасы аумағындағы территориялық тұтастығын қолдайды. Еуроодақтың мәлімдемесінде айтылғандай, барлық босқынға Абхазияға қайта оралу құқы берілуге тиіс, содан кейін ғана Абхазиядағы парламент сайлауының заңдылығы туралы мәселе көтеруге болады. Абхазияда парламент сайлауы жексенбі күні болып өті. Абхазия президенті Сергей Багапш бұл сайлауды тәуелсіздіктің тағы бір дәлелі деп бағалады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG