Accessibility links

Индонезияда ұшақ апатынан кемінде 22 адам қаза болды


Бүгін Индонезиядағы ұшақ апатынан кемінде 22 адам қаза болғаны хабарлануда. Одан ертерек берілген ресми деректерде, Ява аралындағы Джокьякарта әуежайына қону барысында жарылған ұшақ ішіндегі 49 адам қаза болды деп хабарланған еді. Ішінде жалпы саны 140-тан аса жолаушысы болған ұшақ Индонезияның Гаруда компаниясына тиесілі. Австралия сыртқы істер министрлігі ол ұшақтың ішінде өздерінің 4 үкімет мүшесі мен журналистер болғанын айтуда. Индонезияның Суматра аралында кеше болған зілзаладан құрбан болғандар саны бүгін 70-ке жетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG