Accessibility links

Ирақта Хусеин имамның қазасын 40 күн бойы аза тұтудың ақырғы күні атап өтіледі


ҚАРБАЛА: Бүгін Ирақтың Қарбала қаласындағы аса маңызды діни рәсімге қатысу үшін 10-даған мың шийт ағылып келіп жатыр. Шийттердің осы қаладағы 2 мешіті төңірегіндегі қауіпсіздікті кем дегенде 10 мың полиция қызметкері күзетіп тұр. Осыған дейін шийт діндәрларына қарсы 3 күн қатарынан жалғасқан қастандықтардың салдарынан 150-дей адам құрбан болды. Қарбала қаласында ертең осыдан 7 ғасыр бұрын шайқаста мерт болған Мұхаммед пайғамбардың туған немересі - Хусеин имамды 40 күн бойы аза тұтудың ақырғы күні атап өтіледі.
XS
SM
MD
LG