Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы жазасын қатаңдатуы мүмкін


ВЕНА: Иран атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі тарапынан өзіне көрсетілетін техникалық көмектің қысқартылуы уран шикізатын байыту жұмысына ықпал ете алмайды деп мәлімдейді. МАГАТЭ агенттігінің Иранға ядролық қуат саласындағы техникалық көмек беру жөніндегі 55 жобасының 22-сін тоқтату туралы шешімін мақұлдауына Иранның осы агенттіктегі елшісі Әли Асғар Солтани бүгін осылай деп жауап берді. Мұндай шешім БҰҰ-ының уран шикізатын байыту жұмысын тоқтату туралы талабын Теһранның орындаудан бас тартуына байланысты қабылданып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG