Accessibility links

Брюссель Киевтің “мүмкіндігінше бірқалыпты болғанын” көргісі келеді


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағының сыртқы саясатының басшысы Хавьер Солана Украинаның тұрақтылығы үшін саяси және экономикалық реформалардың маңызы зор деп мәлімдейді. Бүгін Брюссельде Украина президенті В.Ющенкомен кездесуінен кейін Х.Солана осылай деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Брюссель Киевпен арадағы ынтымақтастығын тереңдетуді көздейді. Бірақ, деп ескертті Х.Солана, Брюссель Украина үкіметінің “мүмкіндігінше бірқалыпты әрі мүмкіндігінше сындарлы болғанын” көргісі келеді. Премьер-министр В.Януковичпен арадағы теке-тіреске В.Ющенко көп күшін жұмсап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG