Accessibility links

Қырғыз оппозициясы Конституция реформасы жүзеге асырылмаса, жаппай наразылық жиындарын өткізбекші


Қырғызстандағы ең үлкен оппозициялық қозғалыс, егер президент Құрманбек Бакиев Конституциялық реформа талаптарын орындамаса, өздерінің наразылық шерулер өткізетінін ескертті. Оппозиция өкілдерінің айтуына қарағанда, «Рефромалар үшін» қозғалысы президент Бакиевтің отставкаға кетуін талап етуі мүмкін. Өткен жылғы қараша айында оппозиция апта бойына наразылық шерулерін өткізіп, президенттің парламентке өкілеттікті көбірек беріп, президент билігін шектеуіне мәжбүр еткен еді. Бірақ, Бакиев кейінірек бірқатар билік күшін президентке қайтаратын өзгерістердің енгізілуіне қолдау танытқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG