Accessibility links

Брюсселдегі саммитте Европа одағының басшылары ғаламдық жылынуға қарсы күрес шаралары турасында бір мәмлеге келісті


Германия канцелрі Ангела Меркель кездесуге жиналған жетекшілердің 2020 жылға қарай баламалы энергия көздері барлық энергия қуатының бестен бір бөлігін өндіретіндігіне уағдаласқанын айтқан. Бұл шешім Евродақтың 27 елінің әрқайсысына міндетті. Европа одағы жетекшілері газ қалдықтарын шығаруды қысқартуға келіскен. Сөйтіп, 2020 жылға қарай газ қалдығын қоршаған ортаға тарату көлемін 1990 жылғымен салыстырғанда 20 процентке қысқарту көзделіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG