Accessibility links

Ресей Кавказ елдеріне АҚШ-тың зымыран қорғаныс жүйесіне қатысты ескерту жасады


Ресей бұрынғы Совет елдеріндегі Кавказ республикаларына егер қайсы бір ел Құрама Штаттардың жоспарланған зымыран қорғанысы жүйесінің бір торабын өз елінде орнатуды қарастыратын болса, ол Мәскеумен қарым-қатынасын бұзады деп ескерту жасады. Ол туралы АҚШ Зымыран қорғанысы агенттігінің осыған дейін Уашингтон Кавказ елдерінде радар жүйесін орнатуға мүдделі болуы мүмкін деген мәлімдемесінен кейін, Ресейдің сыртқы істер министрлігі айтып отыр. Кавказдық елдер - Армения, Әзірбайжан және Грузия өздеріне АҚШ-тан ондай өтініш түспегенін айтқан.
XS
SM
MD
LG