Accessibility links

Бүгін Венада Сербтер мен этникалық албан жетекшілері Косованың келешегі туралы ақырғы келіссөздер өткізуде


Бүгін Сербия мен Косованың этникалық албан жетекшілері Косово провинциясының келешегіне қатысты ақырғы келіссөздерін Венада өткізіп жатыр. Бұл Косовоның Сербиядан тәуелсіздік алуына әкелетін БҰҰ ұсынған келісім жоспарын Сербия қатты сынап отырғандықтан, бұл басқосудың нәтижелі болуы екіталай. Хабарларға қарағанда, БҰҰ-ның елшісі Марти Ахтисаари осы айдың соңында өзінің ақырғы ұсынысын Қауіпсіздік Кеңесіне жіберуді жоспарлап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG