Accessibility links

Ингушетияда тағы 2 чешен бүлікшісінің көзі жойылды


МАХАЧКАЛА: Контрабандалық жолмен Чешенстанға қару-жарақ жеткізбек болған 2 бүлікші кеше өздерін көрші Ингушетияда тұтқындамақ болған операция барысында мерт болды. Жергілікті ресми билікті сілтеп көрсеткен Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, бірі әйел болған 2 бүлікші - Ордженикидзевский ауылындағы осы операция басталған кезде, қарсылық көрсетіп оқ жаудырған. Бірақ екеуі де қол гранатының жарылысынан қаза болған.
XS
SM
MD
LG