Accessibility links

Испания Мадридтегі террористік қастандықтың 191 құрбанын еске алды


МАДРИД: Кеше Испания Мадрид қаласында 2004-інші жылдың 11-інші наурызында болған террористік қастандықтың құрбандарын аза тұтты. Мадридтің темір жол бекетіндегі қаланың сыртына қатынайтын поездардың ішінде болған жарылыстардан 191 жолаушы қаза тауып, 1800-ден көп жолаушы жарақат алған болатын. Мадридтегі аза тұту шарасына Испания патшасы Хуан Карлос, үкімет мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты. Осы қастандықты ұйымдастырды деп айыпталған 29 күдіктінің ісі жуырда сотта қарала бастады.
XS
SM
MD
LG