Accessibility links

Ирақтың аудандарында болған қастандықтар мен шабуылдарда 60-қа жуық адам қаза тапты


БАҒДАД: Кеше Ирақта кем дегенде 58 адам, оның ішінде Қарбала қаласындағы діни рәсімнен қайтып келе жатқан 30-дан асатын шийт діндәрі құрбан болды. Бағдад қаласындағы Мустансирия университеті маңында болған жарылыстан 10 кісі қаза тапса, Бағдадтан солтүстікке қараған бетте 5 құрылысшы көз жұмды, олардың автобусы минаға тап болды. Мосул қаласында сүнниттердің ірі саяси партиясына жататын ғимараттың ішінде жанкешті-террорист өзін-өзі жарып, одан 3 күзетші қаза тапты. Ирақтың басқа аудандарында болған осындай жарылыстар мен шабуылдардан тағы 8 адам мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG