Accessibility links

Грузияның құзырына қарайтын Кодори шатқалына кімнің шабуыл жасағаны әзірге белгісіз қалып отыр


ТБИЛИСИ: Грузия үкіметінің Тбилисидің құзырына қарайтын Кодори тау шатқалына ресейлік соғыс тікұшақтарының соққы бергенін хабарлауынан кейін кеше президент М.Саакашвили Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше мәжілісін өткізді. Мәжілісте Грузияның ішкі істер министрі Вано Мерабишвили хабарлағандай, 11-інші наурыз күні кешкісін Ресейден ұшып келген 3 тікұшақ Кодори шатқалын 20-дан асатын зымыранмен, оның ізінше зеңбіректермен атқылаған. М.Саакашвили бұл оқиғаны “арандатушылық” деп бағалады, бірақ тікелей Ресейді айыптаған жоқ. Ресей армиясының басшылығы тау шатқалына ешқандай шабуыл жасамағанын мәлімдеді. Болған оқиғаны Грузия мен Ресейдің сыртқы істер министрлері телефон арқылы талдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG