Accessibility links

Ирандағы атом электр стансасын іске қосу кешіктіріледі


ТЕҺРАН: Кеше Иранның Бушеріндегі атом электр стансасын салып жатқан Ресейдің мемлекеттік компаниясы оның бірінші кезегін іске қосу мерзімінің белгісіз уақытқа дейін кейінге ысырылғанын мәлімдеді. Ресейлік “АтомСтройЭкспорт” компаниясының өкілі Ирина Есипованың хабарлауынша, Иран жағы құрылысқа 2 ай бойы қаржы бөлмеген. Оның алдында ресми Теһран Бушердегі құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыны дер кезінде төлеп отырғанын әлденеше рет мәлімдеген болатын. Атом-электр стансасының электр қуат өндіретін бірінші блогы қыркүйек айында іске қосылуға тиіс еді.
XS
SM
MD
LG