Accessibility links

Бүгін МАГАТЭ басшысы ядролық келіссөздер жүргізу үшін Пхеньянға барады


Бүгін БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшысы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуын жүзеге асыру ісі бойынша келіссөздер өткізу үшін Пхеньянда жүр. МАГАТЭ басшысы Мохаммед Ел Барадей бұл сапарының алдында, Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануы күрделі процес болуы мүмкін деп ескерткен. Ақпанның 13-де жасалған келісім бойынша, Солтүстік Корея энергетикалық көмек пен қауіпсіздік кепілдігіне айырбас ретінде 60 күннің ішінде өзінің Атом реакторын жабуы керек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG