Accessibility links

Еуропалық комитет Чешенстандағы адам құқының тапталуына Ресейді айыптайды


СТРАСБУРГ: Еуропаның адамды азаптауға жол бермеу Комитетінің Кеңесі Ресейдің Чешенстандағы ұзақ уақыт бойы адамның құқын аяққа таптауына қарсы өзінің 3-інші есебін жариялады. Аталған Комитет Чешенстанда тұтқынға түскендерді азаптау мен өзге де зорлық-зомбылықтардың әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеп, Ресейді осындай ахуалды түземей отыр деп айыптады. Бұл Кеңес осыған дейін Чешенстандағы адамның құқын қорғау проблемасы туралы есебін 2 рет – 2001, 2003-інші жылдары жариялаған болатын. Комитет басшысы Мауро Пальма 3-інші есепті жариялаудың өте қажет болғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG