Accessibility links

Кремльдің пікірінше, Сербия мен Косово албандарының келіссөзі жалғаса беруге тиіс


МӘСКЕУ: Ресей Косово өлкесінің келешектегі құқықтық мәртебесі туралы ұсынысты БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру асығыстық болады деп есептейді. Кеше Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаил Камынин мәлімдегендей, Сербия мен Косово албандарының өкілдері өзара келіссөзін әрі қарай жалғастырып, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға тиіс. Косовоның құқықтық мәртебесі туралы БҰҰ-ның жоспары бойынша Венада болып өткен осындай келіссөз нәтиже бермей аяқталған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG