Accessibility links

Ирақтың Диала облысында АҚШ әскеріне қарсы шабуылдар 70 пайызға арта түсті


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері осы елдің Диала облысындағы қауіпсіздікті нығайту операциясын күшейтуге кірісті. Өткен жаздан бері қарай осы облыстағы Америка әскеріне қарсы шабуылдар 70 пайызға дерлік артқан көрінеді. Диаладағы Ирақ армиясының 20 мыңдық қолы мен 3.5 мыңдық АҚШ әскеріне көмекке келу үшін шамамен 700-дей АҚШ жауынгері Бағдадтан жолға шықты. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, бұл операция АҚШ әскері бастаған күштердің Бағдадта жүргізген қауіпсіздікті нығайту шарасынын қашқан сүннит көтерілісшілерінің Диалаға барып бас сауғалауы салдарынан ұйымдастырылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG