Accessibility links

Ирақта шабуылдар коалициялық күштерге бағытталса да, бейбіт халық көп қырылуда


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Конгреске Ирақтағы ахуал туралы кезекті 3 айлық есебін жолдады. 2006-ншы жылдың соңғы 3 айында, деп атап көрсетіледі бұл құжатта, 2003-інші жылдан бері қарай осындай кезеңдермен салыстырғанда, шабуылдардың саны әлдеқайда көп болды. Есепте айрықша атап көрсетілгендей, мұндай шабуылдар негізінен коалициялық күштерге бағытталды, бірақ соған қарамстан, қаза болғандардың басым көпшілігін бейбіт халық құрады. Өткен жылдың желтоқсан айында сүнниттер мен шийттердің өзара қақтығысынан 1.300 адам қаза болды, яғни өткен қаңтар айындағыдан 100 адам кем.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG