Accessibility links

Пентагон өзінің радарлық қондырғыларын Кавказға орналастырмайды


КИЕВ: Америка Құрама Штаттары Кавказ аймағы елдерінен өзінің зымырандарға қарсы қорғаныс жүйесінің қондырғыларын орналастыруды өтінген емес. Кеше Киевте сөйлеген сөзінде АҚШ-тың зымырандарға қарсы қорғаныс агенттігінің басшысы Генри Оберинг осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әлгіндей өтініш әзірше Чехия мен Польшаға берілді. Наурыз айының басында Оберинг АҚШ Кавказға зымырандарға қарсы өзінің радар жүйесін орнатқысы келеді деп мәлімдеген болатын. АҚШ-тың осындай жүйесін Еуропаға орналастыру жоспарын Ресейдің үзілді-кесілді наразылығын туғызды.
XS
SM
MD
LG