Accessibility links

МАГАТЭ-нің Пхеньянмен арада жақсы қарым-қатынас орнатуына жол ашылды


ВЕНА: Кеше атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агентігінің Бас директоры Мұхаммад Әл-Баради мәлімдегендей, Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын жабу туралы уәдесін орындауға әзір. Пхеньянға барып-қайтуынан кейін М.Әл-Баради бұл сапарының “өте жемісті болғанын” және Корея халық-демократиялық республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатуға жол ашатынын атап көрсетті. 13-інші ақпанда Солтүстік Корея өзіне халықаралық қауымдастықтың қауіпсіздік кепілдігі беріліп, экономикалық көмек көрсетілетін болса, өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуға уәде берген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG