Accessibility links

Британ үкіметі “Трайдент” сүңгуір қайығын жетілдіруге 30 млрд. доллар қаржы жұмсайды


ЛОНДОН: Ұлыбритания парламенті ядролық оқтұмсықтармен қаруланған сүңгуір қайықты жетілдіру мәселесін басым дауыспен мақұлдады. Дауыс берудің алдында ағылшын премьер-министрі Тони Блэр: “ядролық зымырандармен қаруланған “Трайдент” сүңгуір қайығы – құбылмалы дүниедегі біздің қауіпсіздігіміздің кепілі болып табылады” деп мәлімдеді. Алайда, оған қарсы депутаттар “қырғиқабақ соғысы” аяқталғаннан кейін Англияның ядролық қаруы бар мемлекет болып қала беруінің қажеті қанша дегендей сауалдар қойды. Ағылшын үкіметі “Трайдент” сүңгуір қайығын жетілдіру” жоспарын желтоқсан айында қабылдады. Оған шамамен 30 млрд. доллар қаржы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG