Accessibility links

Афинада “Трансбалкан мұнай құбырын тарту туралы” келісімге қол қойылады


АФИНА: Бүгін Ресей президенті В.Путин Афина қаласында Грекия және Болгария президенттерімен бірге орыс мұнайын Қара теңізден Эгей теңізіндегі грек портына дейін тасымалдайтын “Трансбалкан мұнай құбырын тарту туралы” келісімге қол қою рәсіміне қатысады. Болгарияның Қара теңіздегі Бургас портынан Грекияның Алесандропулос қаласына дейін 280 шақырымға созылатын бұл құбырды тарту жобасы бойынша келіссөз 10 жылдан ұзақ жалғасып келді. Құрылысқа кететін шығынның басым бөлігін Ресейдің мұнай компанияларының консорциумы, қалғанын Болгария мен Грекия бөлісіп көтеруге тиіс.
XS
SM
MD
LG