Accessibility links

Х.Мохаммад - “Әл-Қаиданың” 2001-інші жылдың 11-қыркүйегіндегі шабуылын басқарды


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегінде Америкаға қарсы жасалған террористік шабуылға астыртын түрде жетекшілік етті деген күдікпен ұсталған Халид Шейх Мохаммад “Әл-Қаида” ұйымының осы және басқа да шабуылдарын өз мойнына алды. Халид Шейх Мохаммадтың бұл мойындауы, АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Куба аралындағы Гуантанамо соғыс базасында жабық түрде жүргізілген тергеудің хаттамасында көрсетілген. Мохаммад – 2003-інші жылы Пәкістанда қолға түсіп, өткен жылы Гуантанамо базасына ауыстырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG