Accessibility links

Тәжікстан азаматтық соғысына қатысқандардың барлығын кешіру ұсынылды


Тәжікстан ислам оппозициясының бұрынғы басшысы Ақбар Тураджонзода-қажы елдегі азаматтық соғысқа қатысқан кейбір бұрынғы жауынгерлерге рақымшылық жасауды ұсынды. Ақбар Тураджонзода-қажы кезінде Тәжікстан мұсылмандарының басшысы болған, азаматтық соғыста оппозицияны басқарған, елден кетуге мәжбүр болған. Ол 1998 жылы елге оралған, қазір парламент депутаты.

Тәжікстан 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгенде Ақбар Тураджонзода-қажының жасы 37-де еді, ол ел мұсылмандарының рухани жетекшісі болған. Бұдан соң оппозицияны басқарып кетті де, бір жыл ішінде елден қуылды. Саид Абдұлло Нури екеуі азаматтық соғыс кезінде Біріккен Ислам оппозициясын басқарды, бұл ұйымның қол астында исламшыл күштер де, демократиялық күштер де біріккен. Елге оралғаннан кейін Ақбар Тураджонзода-қажы ислам партиясынан аяқ астынан шығып кетіп, үкіметтен жоғары қызмет алған. Енді міне, аяқ астынан қайтадан жаңа тың қимыл жасап отыр.

Тәжікстанда бес жыл бойы жалғасқан азаматтық соғыста шамамен 100 мың адам қаза тапты, елдің онсызда жүдеу экономикасы қиратылды. Халықаралық бітімгершіліктің арқасында Тәжікстанда азаматтық соғыс 1997 жылы маусым айында тоқтаған, алайда екі тараптың да кейбір адамдары бейбіт келісім шарттарын мойындамаған.

Рақымшылыққа соғысқа қатысқандардың барлығы ілінбеді, кейбір жағдайда кешірім жасалынбады. Соғысқа қатысқан көптеген адам, әсіресе оппозиция жағындағы жауынгерлер қылмыстық айыптардың негізінде түрмеге отырғызылды. Енді міне, 1997 жылы жасалған бейбіт келісімге он жыл болып қалды, бұрынғы оппозиция басшысы Ақбар Тураджонзода-қажы барша соғыс ардагерлеріне рақымшылық жасалсын деп ұсыныс кіргізді.

Ақбар Тураджонзода-қажы түрмеде отырған осындай азаматтардан хаттар алдық, олар істеген шаруаларына өкініш білдіреді, елге адал қызмет етуге уәде айтады, олардың бала-шағасы қамқорсыз қалған, сондықтан түрмеде отырған бұрынғы жауынгерлердің барлығына рақымшылық жасаған жөн дейді, бұлардың көптерінің істері қолдан құрастырылған дейді:

- Бұл азаматтарға тағылған қылмыс айыптары соғыс жағдайында алынған ақпараттарға негізделген, тиісті дәлелдер қарастырылмаған. Президенттің бұйрығы бойынша кейбір істер жабылып, жетекшілеріне рақымшылық жасалса да олардың қылмыс істері жабылмаған. Үкімет бұл істерді саяси мүддесіне пайдаланбаса екен деген үміт бар. 30-40 жылдан соң, кім біледі, тіпті бұл дүниеде болмауымыз мүмкін, бірақ бұл істер саяси мақсатпен болашақ ұрпақтарға қарсы қолданылуы мүмкін. Тәжікстанда соғыс кезінде атқарған тірлігімізді зерттеп тарихшылар, қате қортынды жасауы мүмкін, себебі бұл істер өтіріктен және дейектелмеген ақпараттан құралған.

Ақбар Тураджонзода-қажы Тәжікстан түрмелерінде мұндай қанша адамның отырғанын нақты білмеймін, жеті азаматтан хаттар алдым, олар 700 адамның атынан жазып отырмыз деген дейді.

Ұсынысты Эмомали Рахмонов басқаратын Тәжікстан үкіметі қалай қабылдайтыны белгісіз. Бұл жерде "Тәжікстан Халықаралық заңгерлер ассоциациясының" төрағасы Абдықайым Юсуфовтың пкірін келтірсе болады. Ол үкімет рақымшылық ұсынысына құлақ аспайтын шығар дейді:

- Жүрегімізден барлық кек шығады, барлық адамдар бір бірін шынайы кешіреді, тату-тәтті тұрады деген үмітім бар, осылай болады деп сенемін. Бірақ, президент пен парламент оппозициядан шыққан ұсынысты орындай қояды дегенге сенім аз.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов жеке дара билігін соңғы жылдары күшейте түскені аян. Үкімет толықтай Рахмоновтың жақтастарынан құралған, сондықтан оппозиция ұсынысы қабылдана қоймайтын сияқты.
XS
SM
MD
LG