Accessibility links

Халид Мохаммад 2001 жылы АҚШ-қа шабуыл жасағандығын мойындады


Пентагонның хабарына қарағанда, 2001 жылы қыркүйектің 11-інде АҚШ-қа жабуыл жасауды ұйымдастырған деген күдік тағылған Халид Шейх Мохаммад сол жылғы шабуылмен өзге де Әл-Қайда шабуылдарына жауапты екендігін айтқан. Мохаммадтың жабық есік жағдайында өткен тергеу кезінде берген мойындау жауаптары жазып алынған. Халид Мохаммад Кубадағы Гуантанамо түрмесінде терроршы күдікті ретінде ұсталған. Ол 2003 жылы Пәкістанда тұтқындалып, былтыр Гуантанамоға әкелінген. Ал Гуантанамодағы Австралиялық тұтқындар жөнінде бас министр Джон Хауард наурыздың екісінде:

- Американдықтар терроршыларға қарсы сот үдерісін тездетіп отыр. Мен бұл жөнінде АҚШ президенті және вице-президентіне айтқанмын. Дегенмен, ол сот шарасының ұзаққа созылып кеткендігіне біз наразымыз, - деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG