Accessibility links

Бежин шетелдік инвесторларды салық жеңілдігінен айырды


БЕЖИН: Қытайдың заң шығаратын билігі елдегі шетелдік инвесторларға салынатын салықтың көлемін қытайлық компаниялардың төлейтін деңгейіне жақындатып өсіретін заң қабылдады. Заңға сәйкес, Қытай компанияларымен қатар шетелдік инвесторлар да салықты барлық табысының 25 пайыздық мөлшерінде төлейтін болады. Осыған дейін Қытай компаниялары салыққа табысының 33 пайызын төлеп келген болса, инвестициялардың келуін ынталандыру үшін шетелдік инвесторларға салық “жеңілдіктері” беріліп, олар 10 пайыз-ақ төлейтін.
XS
SM
MD
LG