Accessibility links

Токиода айналымы 6 млрд. доллар болған компанияның иесі түрмеге кесілді


ТОКИО: Жапонияда бұрын ісі сәтті жүрген интернет-кәсіпкер “алаяқтық жасады” деген айып бойынша 2,5 жыл мерзімге түрмеге кесілді. “Livedoor” компаниясының 34 жастағы Такафуми Хори деген құрылтайшысын Токионың аймақтық соты компанияның есеп-шоттарын шатастырды және инвесторларды алдап-соқты деген айыптар бойынша кінәлі деп тапты. Бір кезде нарықтық бағасы 6 млрд. долларға жеткен “Livedoor” компаниясы - өткен жылы Хори тұтқындалған соң күйреді. Такафуми өзін айыптымын деп мойындамады.
XS
SM
MD
LG