Accessibility links

Бүгін Иран президенті Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар бойынша дауыс берулеріне өзін қатыстыруын сұрады


Иран президенті Махмуд Ахмединежад ресми түрде Қауіпсіздік Кеңесіне қайрылып, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты жаңа санкциялар енгізу бойынша дауыс беретін кездесуге өзін қатыстыруды сұрады. Қауіпсіздік Кеңесіне наурыз айында төрағалық етіп отырған, Оңтүстік Африканың БҰҰ-дағы елшісі Думисани Кумалоның айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесі ол өтініш бойынша рұхсат ете ме жоқ па оны шешетін болады. Ал, БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Волф:

“Мен мұны өте кекесінді деп білемін. Қауіпсіздік Кеңесінің қандай да бір қарарын жыртып тастап, оның үндеуіне назар аудармаймын деген президент Ахмединежад енді Кеңестің отырысына келіп сөйлеуге қызығушылық танытты” дейді.

Алдағы аптада Қауіпсіздік Кеңесінде Иранның уран байытуды тоқтатудан бас тартқанына байланысты жаңа санкциялар бойынша дауыс берулер өтеді.
XS
SM
MD
LG