Accessibility links

"Хамас" және "Фатах" коалициялық үкімет құрамын ұсынуға тиіс


Палестинаның бақталас "Хамас" және "Фатах" топтары бүгін коалициялық үкімет құрамын парламентке ұсынуға тиіс. Коалициялық үкімет жасақтау келіссөзі талай қиындыққа тап болып, бірнеше айға созылған. Израиль "Хамас" және "Фатах" құрған біріккен үкіметті мойындамаймыз деп бірден айтты, халықаралық талаптар Палестина тарабынан орындалмай отыр дейді. Халықаралық бітімгершілер тобы Палестина топтары Израильді мемлекет ретінде мойындасын, қақтығыс саясатынан бас тартсын, Израильмен бұрын жасалған келісімдерді орындасын деген. Талаптар орындалмайынша батыс елдері Палестинаға қаржы көмегін бермейміз дейді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG