Accessibility links

Махмұд Ақмединижат БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлемек


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті төрағасы Думизани Кумало Иран президенті Махмұд Ақмединижаттың сөз сұраған өтінішіне Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері тарапынан қарсылық жоқ деп жариялады. Иран ядролық бағдарламасын тоқтатпай қойған, Қауіпсіздік Кеңесі сол үшін Иранға жаңа санкциялар жарияламақ. Мәселе дауысқа қай күні салынатыны белгісіз. Иран президенті мәселе дауысқа салынбай тұрып Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлеуге бұйымтай айтқан. Иран уран байытуын тоқтатпай қойды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранның қару-жарақ экспортына тыйым салмақ, басқа қаржы шектеулерін де қарастырып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG