Accessibility links

Солтүстік Корея Яңбиян бас атом электростанциясын жабуға дайындалып жатыр


Мұны бүгін Пекин қаласында халықаралық жұмыс тобының мәжілісінде Солтүстік Корея өкілі жариялады. Яңбиян станциясын жабу – Солтүстік Кореяға қойылып отырған негізгі талап. Солтүстік Корея мұның есесіне бірнеше шарт қойды, оның арасында Қытайдың Макау провинциясында тоқтатылған банк-есеп шотын ашу, шамамен 25 миллион долларды қайтару. Бұл ақша АҚШ мәлімдемесінен соң Қытай үкіметі тарапынан тоқтатылған болатын. АҚШ өкілі мәселені Қытай тарабы шешуге құзырлы деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG