Accessibility links

Палестина парламенті коалициялық үкімет құрамын мақұлдап дауыс берді


Палестина президенті Махмұд Аббас Хамас және Фатх топтарынан тұратын жаңа үкіметте ант қабылдады. Норвегия алғаш болып Палестинаның жаңа үкіметін мойындады. Палестина бас министрі Исмаил Ханияның айтуынша, Палестина үкіметі Израиль басқыншылығына қарсы тұрмақ.

– Біз АҚШ әкімшілігінің Палестинаға деген көзқарасын өзгертуге шақырамыз, Палестина халқының талабына құлақ асуын қалаймыз. Біз Палестина және Америка халқының өзара байланысының жақсарғанын тілейміз, - деді Хания.

Дегенмен, Израиль бұл жаңа үкіметтің бағдарламасы халықаралық талаптарға жауап бере алмайды деп кезекті рет өз қарсылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG