Accessibility links

Аустралия әскерінің Ирақтан қашан шығарылатыны белгісіз


БАҒДАД: Елдің қауіпсіздігін қорғау міндетін Ирақ халқының өзі атқаруға шамасы келгенше, Аустралияның әскері Ирақта қала береді. - Сенбі күні Бағдадқа ұшып келген Аустралияның премьер-министрі Джон Хоуард осылай деп мәлімдеді. Бірақ ол Аустралияның 1.400 жауынгерлік әскері Ирақтан қашан шығарылатынын нақты атамады. Дж.Хоуард - өзі отырып келе жатқан әскери жүк ұшағының оңтүстік Ираққа қонуға мәжбүр болуынан кейін ат басын Бағдадқа бұрған болатын. Ұшақтың жүк тиілген бөлігі бу мен түтінге толып, жолаушылардың барлығы маска киюге мәжбүр болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG