Accessibility links

Алматының іргесінде қазақтар мен чешендер өзара қақтығысып, бірнешеуі ауруханаға түсті


АЛМАТЫ: Бүгін Алматы қаласынан 70 шақырымдай жердегі «ҚазАтКом» ауылында жергілікті қазақ және чешен тұрғындарының арасында қақтығыс болып, қарудың оғынан жарақат алған бірнеше адам қазір көршілес “Маловодное” ауылындағы ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар келіп түсті. Қазір оқиға болған ауылдан біздің тілшіміз хабарлағандай, «КазАтКом» ауылындағы ұлты шешен бір тұрғынның үйі мен қора-жайына белгісіз біреулер от қойып, үй-жай түгел өртеніп кеткен. Қазір ішкі істер, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері осы төтенше оқиғаның жай-жапсарын тергеу үстінде.
XS
SM
MD
LG